● Қате жарығы өшірулі.
Ескертпе жарығы жыпылықтап тұр.
Басқа басқару тақтасының жарықтары өзгеріссіз қалады.
Себебі Шешім
Принтер қате күйінде. Келесі қадамдарды орындау арқылы принтерді қайта
орнатыңыз:
1. Принтерді өшіріңіз.
2. Қуат сымын ажыратыңыз.
3. Бір минут күтіп, қуат сымын қайта жалғаңыз.
4. Принтерді қосыңыз.
Егер қате кетпесе, HP компаниясына хабарласыңыз.
Cия жүйесінің қызмет көрсетуі
Ескертпе жарығы қосулы.
Қате жарығы және Жалғастыру жарығы өшірулі.
Себебі Шешім
Бір немесе бірнеше сия ыдысында сия деңгейі төмен немесе
сия жүйесінің қызмет көрсетуі қажет етіледі.
Қатені кетіру үшін келесіні орындаңыз:
● Сия ыдыстарын тексеріп, қажет болса, қосымша сия
қосыңыз. Сия ыдыстарын қайта толтыру туралы
қосымша ақпаратты Сия ыдыстарын толтыру (35-бет)
бөлімінен қараңыз.
● Басып шығару механизмі есігін толығымен ашып, оны
дереу жабыңыз. Бұл процесс сияның жиналып қалуын
жойып, принтердің қызметі барысында ең жақсы басып
шығару сапасын сақтайды.
ЕСКЕРТУ: Принтерді реттеуден кейін нұсқау берілмесе,
басып шығару механизмінің ілмегін ашпаңыз.
10 2-тарау Жұмысты бастау KKWW
Comments to this Manuals