HP ENVY 5543 All-in-One Printer User Manual Page 71

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 144
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 70
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз
да, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз.
Қолжетімді принтерлер тізімі шығады.
4. Қолжетімді принтерлер тізімі арасынан DIRECT-**- HP ENVY-5540 секілді көрсетілген Wi-Fi Direct
атауын таңдаңыз (бұнда ** сіздің принтеріңізді анықтайтын бірегей таңба
), содан кейін
принтеріңіз бен мобильді құрылғыңыздың экранында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
5. Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
6. Құжатты басып шығарыңыз.
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару (Windows)
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне
қосылуға пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**- HP ENVY-5540 ретінде көрсетілген
сызмсыз желілердің тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (** белгісі - принтерді анықтайтын
бірегей таңбалар және ХХХХ - принтерде орналасқан принтер моделі).
Сұралған кезде Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
4. Егер принтер орнатылып сымсыз желі арқылы компьютерге қосылған болса, 5 қадамға өтіңіз.
Егер принтер
орнатылып компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, HP Wi-Fi Direct
қосылымын пайдаланатын принтер бағдарламалық құралы орнату үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз да, Қызметтік бағдарламалар түймесін басыңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен
басып,
бағдарламалар жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, Қызметтік
бағдарламалар түймесін басыңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінде Пуск
(Бастау) түймесін басыңыз, Все программы (Барлық бағдарламалар) белгішесін
таңдаңыз, HP түймесін басып, принтердің қалтасын басыңыз.
ә. Настройка принтера и установка ПО (Принтер параметрі және бағдарламалық құрылғыны
орнату) түймесін басып, Подключить новый принтер (Жаңа
принтер қосу) тармағын
таңдаңыз.
KKWW Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз.65
Page view 70
1 2 ... 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 ... 143 144

Comments to this Manuals

No comments