HP ENVY 34c 34-inch Media Display User Manual Page 9

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 43
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 8
2 Қауіпсіздік және техникалық қызмет
көрсету туралы нұсқаулар
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
Монитормен бірге қуат сымы берілген. Егер басқа сым пайдаланылса, осы мониторға сәйкес келетін
қуат көзі мен қосылымды ғана пайдаланыңыз. Монитормен пайдаланылатын тиісті қуат сымының
жиыны туралы ақпарат бойынша ақпарат тасушы дискісінде берілген немесе құжаттама жинағындағы
Өнім ескертулерін қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін:
Қуат сымын кез келген
уақытта оңай қол жететін жердегі айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
Монитордың қуатын қуат сымының ашасын айнымалы токтан суыру арқылы өшіріңіз.
Егер қуат сымының ашасы 3 басты болса, жерге тұйықталған 3 басты розеткаға қосыңыз. Қуат
сымының жерге тұйықтау істігін жалғаусыз қалдырмаңыз, мысалы, 2 істікшелі адаптер қолданып
қоспаңыз. Жерге тұйықтау ашасыөте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Қауіпсіздікті
сақтау үшін қуат сымдарының немесе кабельдерінің үстіне ештеңе қоймаңыз. Оларды
ешкім кездейсоқ баспайтындай немесе оларға сүрінбейтіндей етіп орналастырыңыз. Сымнан немесе
кабельден ұстап тартпаңыз. Электр розеткасынан ажыратқанда сымды ашасынан ұстаңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін Safety and Comfort Guide (Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс туралы
нұсқаулықты) оқып шығыңыз. Онда дұрыс жұмыс станциясы, орнату, дұрыс қалыпты сақтау
және
компьютер пайдаланушылары үшін денсаулықты сақтау және дұрыс жұмыс істеу ережелері
сипатталған, сонымен қатар, электр және механикалық қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген.
Бұл нұсқаулық
http://www.hp.com/ergo веб-торабында орналасқан.
ЕСКЕРТУ: Монитор мен компьютерді қорғау үшін компьютердің және оның перифериялық
құрылғыларының (мысалы, монитор, принтер, сканер) барлық қуат сымдарын желілік сүзгі немесе
үздіксіз қуат көзі (UPS) сияқты кернеу ауытқуларынан қорғау құрылғысына қосыңыз. Кернеу
ауытқуларынан барлық желілік сүзгілер қорғамайды; желілік сүзгілерде осындай мүмкіндік бар деген
арнайы жапсырма болуы керек. Зақымдалған жағдайда ауыстыру саясатын қолданатын және
кернеу
ауытқуларынан қорғамаған жағдайда жабдықты ауыстыруға кепілдік беретін өндірушінің желілік
сүзгісін пайдаланыңыз.
HP сұйық кристалдық мониторын орнату үшін арнайы жасалған дұрыс өлшемді жиһазды
пайдаланыңыз.
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат 3
Page view 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 42 43

Comments to this Manuals

No comments