HP DreamColor Z27x G2 Studio Display User Manual Page 115

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 121
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 114
7 Дисплейге техникалық қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Дисплейдің жұмысын жақсарту және оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін:
Дисплейдің корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану
жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер дисплей дұрыс
жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет
көрсетушіге хабарласыңыз.
Бұл дисплей үшін тек дисплейдің жапсырмасында немесе артқы тақтасында көрсетілген тиісті
қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз.
Электр розеткасына қосылатын құрылғылардың жалпы номиналды тогы айнымалы ток
розеткасының номиналды тогынан аспауы керек және қуат сымына қосылған құрылғылардың
жалпы номиналды тогы қуат сымының номиналды көрсеткішінен аспауы керек. Әрбір
құрылғының номиналды тогын (AMPS немесе А) анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз.
Дисплейді оңай қол жеткізуге болатын розетканың жанына орнатыңыз. Дисплейді ашаны берік
ұстап, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Ешқашан дисплейді сымынан тартып
ажыратпаңыз.
Пайдаланбаған кезде дисплейді өшіріңіз. Экран сақтағыш бағдарламасын пайдалану және
пайдаланылмаған кезде дисплейді өшіріп қою арқылы дисплейдің жұмыс істеу мерзімін
айтарлықтай арттыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар дисплейлерді қамтымайды.
Корпустағы ойықтар мен тесіктер желдетуге арналған. Бұл тесіктерді бітеуге немесе жабуға
болмайды. Корпус ойықтарына немесе басқа тесіктерге ешқашан ешқандай зат салмаңыз.
Дисплейді түсіріп алмаңыз немесе тұрақсыз бетке қоймаңыз.
Қуат сымының үстіне ештеңе қоймаңыз. Сымды баспаңыз.
Дисплейді жақсы желдетілетін жерде, шамадан тыс жарықтан, жылудан немесе ылғалдан
алыста ұстаңыз.
Дисплейді бетін төмен қаратып қоймаңыз. Егер дисплей төмен қаратып қойылса, дисплей
тақтасының иіліміне түскен күш тақтаны зақымдауы мүмкін.
Дисплейді тазалау
1. Дисплейді өшіріңіз және құрылғының артынан қуат сымын ажыратыңыз.
2. Дисплейдің экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз.
3. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз.
Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы
зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары 105
Page view 114
1 ... 114 115 116 117 118 119 120 121

Comments to this Manuals

No comments