HP ZBook 14 Mobile Workstation User Manual Page 99

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 116
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 98
ЕСКЕРІМ: Компьютерді желіге қосатын болсаңыз, кез келген бағдарламалық құралының
жаңартуын, əсіресе BIOS жаңартуларын, орнатар алдында желілік əкімшімен
ақылдасыңыз.
BIOS жүйесін орнату қадамдары əр түрлі болады. Жүктеп алу аяқталғаннан кейін экранда
көрсетіліп тұратын барлық нұсқауларды орындаңыз. Ешқандай нұсқаулар көрсетілмесе, осы
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні нұқыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты
диск болып табылады.
3. Алдында жазып алған қатты диск жолын пайдаланып, жаңарту файлдары бар
қатты
дискідегі қалтаны ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, filename.exe) екі рет басыңыз.
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Экранда сəтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған файлды
қатты дискіден жоюға болады.
MultiBoot желісін пайдалану
Жүктеу құрылғыларының реті туралы
Компьютер басталғанда, амалдық жүйе қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі.
Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін
басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері,
желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу
құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа
немесе файлдар бар.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жүктеу құрылғылары жүктеу ретіне қосылмас бұрын, оларды Computer
Setup утилитасында іске қосу қажет.
Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы компьютердің жүктеу құрылғысын
іздеу ретіне де өзгерістерді енгізуге болады. Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for
Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
esc пернесін басыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу
құрылғыларды көрсететін мəзір ашылады жəне жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік беріледі.
Немесе MultiBoot Express құралын
компьютер қосылған не қайта басталған сайын компьютерде
жүктеу құрылғысының орналасуы сұралатындай етіп орнатуға болады.
MultiBoot желісін пайдалану 89
Page view 98
1 2 ... 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 ... 115 116

Comments to this Manuals

No comments