HP Pavilion 27q Display User Manual Page 14

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 30
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 13
Мониторды қосу
1. Құралды қосу үшін Қуат түймесін басыңыз.
2. Мониторды қосу үшін оның артқы жағындағы қуат түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қалдық кескін - қозғалыссыз бір бейне кем дегенде жалғасымды 12 сағат қолданбағанда
пайда болуы мүмкін. Қалдық кескіннің экранда пайда болуының алдын алу үшін экранды сақтау
бағдарламасын қосу керек немесе егер ұзақ уақыт қолданылмаса, мониторды өшіріп қою керек.
Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай. HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар
мониторларды қамтымайды.
ЕСКЕРТПЕ: Питание (Қуат) түймесін басқанда ештеңе болмаса, қуат түймесін құлыптау мүмкіндігі
қосылған болуы мүмкін. Бұл функцияны өшіру үшін монитордың қуат түймесін 10 секунд басып
тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Экрандық мәзірдегі қуаттың жарық диодын өшіруге болады. Монитордың артқы
жағындағы Меню (Мәзір) түймесін басып, Управление питанием (Қуат басқару құралы) параметрін
таңдаңыз. Индикатор питания (Қуат жарық диодты шамы) опциясын таңдап, Выкл (Өшіру) күйін
таңдаңыз.
Монитор қосылғанда, Монитор күйі туралы хабар бес секунд көрсетіледі. Хабар қай кірістің қосылып
тұрғанын және автоқосқыш параметрінің күйін көрсетеді (Қосу немесе Өшіру; зауыттық әдепкі мән —
Қосу), ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы және ұсынылатын алдын ала
орнатылған дисплей ажыратымдылығы.
Монитор автоматты түрде сигнал кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады және көрсету
үшін сол кірісті пайдаланады.
HP су белгісі мен қалдық бейне тәртібі
PLS мониторлы үлгілері аса кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын қамтамасыз
ететін PLS (жазықтықтан ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. PLS мониторларын түрлі
жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды. Бұл панель
технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран
қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды. Бұндай
бағдарламалардың қатарына камера бақылаушы, видео ойнындар, сауда логолары және экранда
ұзақ уақыт ойнатылатын үлгілер жатады. Статикалық бейнелер экранда дақ немесе су дақтары
сияқты көрінетін бейне қалдықтарының пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Мониторларды 24 сағат қолдану арқылы пайда болатын бейне ақаулықтары HP кепілдемесінде
аталмаған. Бейне ақаулықтарын болдырмау үшін қолданыстан тыс кезде мониторды өшіріп қойыңыз
8 1-тарау Жұмысқа кірісу
Page view 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 29 30

Comments to this Manuals

No comments