HP OMEN X 900-187na User Manual Page 15

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 46
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 14
2 Құрылғы жаңартулары
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау алдында барлық қолданылатын нұсқауларды, сақтық шараларды және
ескертулерді мұқият оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, ыстық беттер немесе өрт нәтижесінде болатын дене
жарақаты қаупін азайту үшін:
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз және ішкі жүйе бөліктерін ұстамас бұрын
олардың сууына мүмкіндік беріңіз.
Қуат сымының жерге тұйықтау ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы - өте маңызды
қауіпсіздік бөлшегі.
Қуат сымын үнемі қол жетімді болатын, жерге тұйықталған розеткаға жалғаңыз.
Адамға қатты жарақат келтіру қатерін азайту үшін Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығы
оқыңыз. Ол жұмыс станциясын дұрыс реттеуді сипаттайды және жайлылықты арттыратын және
жарақат қаупін азайтатын дене күйі және жұмыс әдістері бойынша нұсқауларды береді. Ол әрі электр
және механикалық қауіпсіздік ақпаратын қамтамасыз етеді. Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау
нұсқаулығы HP веб-сайтында орналасқан: http://www.hp.com/ergo.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Тоқты қосып ішіндегі бөлшектерін жылжыту.
Алынбалы панелін алу алдында жабдықтық құралды қуат көзінен ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта қуат бермес бұрын кіру панелін орнына қойып, бекітіңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Статикалық қуат компьютердің немесе басқа құралдың электрлік бөлшектерін
бүлдіруі мүмкін. Келесі қадамдарды бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір затты ұстап көріп,
статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Электр
статикалық разряд (36-бет) бөлімін қараңыз.
Бөлшектеуге дайындалу
Жаңа бөліктердің орнатылуына немесе бар бөліктердің ауыстырылуына қарай мына бөлшектеу
қадамдарын қажетінше пайдаланыңыз.
1. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
2. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
3. Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз және сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютер розеткаға қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі
беріледі. Ішкі бөліктерінің зақымдалуын болдырмау үшін компьютерді ашпас бұрын қуат сымын
қуат көзінен ажырату керек.
Ескертулер мен сақтандырулар 9
Page view 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 45 46

Comments to this Manuals

No comments