HP Ink Tank Wireless 412 User Manual Page 124

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 146
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 123
HP қолдау қызметі
Өнімнің соңғы жаңартулары мен қолдау туралы ақпаратты алу үшін, www.support.hp.com
мекенжайындағы принтерді қолдау қызметінің веб-сайтына кіріңіз. HP онлайн режимінде қолдау
принтерге қатысты түрлі қызметтерді ұсынады:
Драйверлер және жүктеулер: Бағдарламалық құрал драйверлері мен жаңартуларды, сондай-ақ,
принтер қорабында болатын нұсқаулықтар мен құжаттамаларды жүктеп алыңыз.
HP қолдау форумдары: Жалпы сұрақтар мен мәселелердің жауабын алу үшін, HP қолдау форумдарына
қатысыңыз. Басқа HP тұтынушылары жариялаған сұрақтарды көре аласыз немесе жүйеге кіріп, жеке
сұрақтарыңызды қойып және түсініктемелер қалдыра аласыз.
Ақауларды жою: Принтерді тексеріп, ұсынылатын шешімдерді табу үшін, HP онлайн режиміндегі
құралдарын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер қателерін тексеру және ақаулықтарды жою бойынша көмек алу үшін HP Smart
қолданбасын пайдалануға болады. Осы бағдарлама туралы ақпарат алу үшін, iOS, Android немесе
Windows 10 құрылғысынан басып шығару, сканерлеу және ақауларды жою үшін HP Smart
қолданбасын пайдаланыңыз. (30-бет) қараңыз.
HP қолдау қызметімен хабарласу
Мәселені шешу үшін, HP техникалық қолдау қызметінің өкілінен көмек қажет болса, Қолдау қызметінің
хабарласу веб-сайтына кіріңіз. Келесі байланысу түрлері кепілдеме бар тұтынушылар үшін тегін (HP
агентінің көрсеткен қызметі кепілдемесі жоқ тұтынушылар үшін ақылы болуы мүмкін):
HP қолдау қызметінің агентімен онлайн режимінде хат алмасу.
HP қолдау қызметінің агентін шақыру.
HP қолдау қызметіне хабарласқан кезде келесі ақпаратты беруге дайын болыңыз:
Өнім атауы (HP Ink Tank Wireless 410 сияқты принтерде орналасқан)
KKWW HP қолдау қызметі 117
Page view 123
1 2 ... 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 ... 145 146

Comments to this Manuals

No comments