HP ENVY 4528 All-in-One Printer User Manual Page 32

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 89
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 31
5. Толық атауын енгізіп, жаңа белгіше негізделетін бұрыннан бар таңбашаны таңдаңыз да, Жасау
түймесін басыңыз.
Мысалы, фотосуреттер үшін жаңа таңбаша жасайтын болсаңыз, JPEG ретінде сақтау немесе
Электрондық хабар JPEG ретінде параметрін таңдаңыз. Бұл сканерлеу кезінде графикамен
жұмыс істеуге арналған опцияларды қолжетімді етеді.
6. Жаңа таңбашаның параметрлерін қажеттінше өзгертіп, таңбашаның оң жағындағы сақтау
белгішесін басыңыз
ЕСКЕРТПЕ: Қандай да бір сканерлеу параметрін тексеру және өзгерту үшін, Сканерлеу
диалогтық терезесінің оң жақ жоғары бөлігіндегі Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) (26-бет) бөлімін қараңыз.
Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер
Сәтті көшіру және сканерлеу үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз:
Әйнек пен қақпақтың артын таза ұстаңыз. Сканер кез келген дақты немесе белгіні сканерленетін
кескіннің бөлігі ретінде таниды.
Түпнұсқаны әйнектің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
Шағын түпнұсқаның үлкен көшірмесін жасау үшін түпнұсқаны компьютерге сканерлеңіз,
сканерлеу бағдарламасындағы кескін өлшемін өзгертіңіз, содан кейін үлкейтілген кескіннің
көшірмесін басып шығарыңыз.
Егер сканерлеу өлшемі, шығару түрі, сканерлеу ажыратымдылығы немесе файл түрі, т.б.
параметрлерді реттегіңіз келсе, сканерлеуді принтердің бағдарламалық құралынан бастаңыз.
Дұрыс емес немесе жоқ сканерленген мәтінді болдырмау үшін бағдарламада жарықтық тиісті
түрде орнатылғанын тексеріңіз.
Бірнеше беттен тұратын құжатты бірнеше файлдың орнына бір файлға сканерлеу қажет болса,
принтер дисплейінен Сканерлеу параметрін таңдаудың орнына принтер бағдарламалық құралы
бағдарламасымен сканерлеуді бастаңыз.
28 4-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW
Page view 31
1 2 ... 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 ... 88 89

Comments to this Manuals

No comments