HP EliteDisplay S270c 27-in Curved Display User Manual Page 33

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 37
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 32
Түйме бөгеулері
Питание (Қуат) түймесін немесе Меню (Мәзір) түймесін он секунд ұстап тұру осы түйменің
жұмысын бөгейді. Функцияларын қайтару үшін сол түймені он секунд қайта басып тұрыңыз. Бұл
функция монитор қосылып тұрғанда және белсенді сигнал көрсетіліп тұрғанда ғана істейді.
Автоматты реттеу мүмкіндігін (VGA аналогтық кірісі)
пайдалану
Мониторды бірінші рет орнатқанда, компьютердің зауыттық параметрлерін өзгерткенде немесе
монитордың ажыратымдылығын өзгерткенде, авто-реттеу функциясы іске қосылып, экранды
жақсартуға әркеттенеді.
Әрі монитордың оң жағындағы + (Plus) түймесін пайдаланып, VGA (аналогтық) кіріс үшін экран
өнімділігін кез келген уақытта оңтайландыруға болады.
Егер монитор VGA кірісінен басқа кірісті пайдаланса, бұл процедураны пайдаланбаңыз. Егер
монитор
VGA (аналогтық) кірісін пайдаланса, бұл процедура сурет сапасының келесі күйлерін
түзете алады:
Бұлдыр немесе анық емес фокус
Кескіннің қосарлануы, созылу немесе көлеңке әсерлері
Бұлыңғыр тік жолақтар
Жіңішке көлденең айналма сызықтар
Ортадан ауытқыған сурет
Автоматты реттеу мүмкіндігін пайдалану үшін:
1. Реттеуден бұрын монитордың жылынуы үшін 20 минут күтіңіз.
2. Түймелерді іске қосу үшін монитордың оң жағындағы үш түйменің біреуін басыңыз.
3. Монитордың оң жағындағы Автоматты реттеу түймесін басыңыз.
Сондай-ақ, Меню (Мәзір) түймесін басып, OSD ішінен Image Control > Auto-Adjustment
(Кескінді басқару > Aвтоматты реттеу) функцияларын таңдауға болады.
Егер сізді нәтиже қанағаттандырмаса, процедураны жалғастырыңыз.
4. Монитормен жеткізілетін дискіні диск жетегіне салыңыз. Диск мәзірі көрсетіледі.
Түйме бөгеулері
27
Page view 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37

Comments to this Manuals

No comments