HP EliteDesk 800 G3 Tower PC User Manual Page 9

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 47
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 8
1 Windows 7 жүйесінде жұмысқа кірісу
Windows 7 жүйесінде енгізілген TPM 2.0 қолдауы. Қолдауды қосу немесе TPM 1.2 нұсқасына өту үшін
Microsoft торабынан түзетуді жүктеп алуға болады.
Бағдарламаны белсендіру және теңшеу
Егер компьютеріңіз Windows® операциялық жүйесінсіз жеткізілсе, бұл құжаттың кейбір бөліктері
қолданылмайды. Қосымша мәліметтер операциялық жүйені белсендірілгеннен кейін онлайн
анықтамада қол жетімді болады.
ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйені белсендіру сәтті аяқталғанша компьютерге қосымша құрылғыларды
немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз. Бұл қателер тудыруы және операциялық жүйенің
дұрыс орнатылуына кедергі келтіруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін жүйелік блок пен монитор үстінде 10,2 cм (4-
дюйм) бос орын бар екеніне көз жеткізіңіз.
Windows операциялық жүйесін белсендіру
Компьютерді бірінші рет қосқанда, операциялық жүйе автоматты түрде орнатылады және
белсендіріледі. Бұл үрдіске 5-10 минут қажет болады. Белсендіруді аяқтау үшін экрандағы
нұсқауларды мұқият оқыңыз және орындаңыз.
Амалдық жүйе орнату барысында компьютеріңізді HP торабында тіркеуді ұсынамыз, сонда сізге
маңызды жаңартуларды алып отыруға және арнайы ұсыныстарға жазылуға болады.
ЕСКЕРТУ: Белсендіру процесі басталғаннан кейін ПРОЦЕСС АЯҚТАЛҒАНША КОМПЬЮТЕРДІ ӨШІРМЕҢІЗ.
Белсендіру барысында компьютерді өшіру компьютерде орындалып жатқан бағдарламаларды
зақымдауы немесе орнатуды дұрыс орындауға кедергі жасауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютердің қатты дискісінде операциялық жүйенің бірнеше тілі орнатылған
болса, белсендіру процесі 60 минутқа дейін алуы мүмкін.
Windows 7 жаңартуларын қотару
Microsoft корпорациясы амалдық жүйеге жаңартулар шығарады. Компьютер жұмысын оңтайлы етіп
сақтау үшін, HP компьютерді алғаш орнатқанда және одан кейін де кезеңді түрде ең соңғы
жаңартуларды тексеріп отыруды ұсынады.
1. Интернет қосылымды реттеу үшін Пуск > Internet Explorer тармағын таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
2. Интернет қосылымы орнатылған соң Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Центр обновления Windows (Windows жаңарту орталығы) опциясын таңдаңыз.
3. Windows Update қызметін ай сайын сәйкесінше іске қосып отырыңыз.
Құрылғы драйверлерін орнату немесе жаңарту
Операциялық жүйе орнатылғаннан кейін қосымша құрылғыларды орнатқанда, әр құрылғының
драйверін де орнату керек.
Бағдарламаны белсендіру және теңшеу 1
Page view 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 46 47

Comments to this Manuals

No comments