HP EliteDesk 800 G3 Tower PC User Manual Page 34

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 47
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 33
3 Windows 10 жүйесінде жұмысқа кірісу
Бағдарламаны белсендіру және теңшеу
Егер компьютеріңіз Windows® операциялық жүйесінсіз жеткізілсе, бұл құжаттың кейбір бөліктері
қолданылмайды. Қосымша мәліметтер операциялық жүйені орнатқаннан кейін онлайн анықтамада
қол жетімді болады
.
Қосымша мәліметтер операциялық жүйені орнатқаннан кейін онлайн анықтамада қол жетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін жүйелік блок пен монитор үстінде 10,2 cм (4-
дюйм) бос орын бар екеніне көз жеткізіңіз.
Windows операциялық жүйесін белсендіру
Компьютерді бірінші рет қосқанда, операциялық жүйе автоматты түрде орнатылады. Бұл үрдіске 5-10
минут қажет болады. Орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды мұқият оқыңыз және орындаңыз.
Амалдық жүйе орнату барысында компьютеріңізді HP торабында тіркеуді ұсынамыз, сонда сізге
маңызды жаңартуларды алып отыруға және арнайы ұсыныстарға жазылуға болады. Компьютеріңізді
HP торабында тіркеу үшін «Бастау» экранындағы Register with HP (HP торабында тіркелу) опциясын
пайдалануға да болады.
ЕСКЕРТУ: Автоматты түрде орнату басталғаннан кейін ПРОЦЕСС АЯҚТАЛҒАНША КОМПЬЮТЕРДІ
ӨШІРМЕҢІЗ. Орнату барысында компьютерді өшіру компьютерде орындалып жатқан
бағдарламаларды зақымдауы немесе орнатуды дұрыс орындауға кедергі жасауы мүмкін.
Windows жаңартуларын жүктеу
Microsoft корпорациясы амалдық жүйе жаңартуларын шығаруы мүмкін. Компьютер жұмысын оңтайлы
күйде сақтау үшін HP компаниясы бастапқы орнату барысында және компьютер жарамдылығының
соңына дейін ең соңғы жаңартуларды кезеңді түрде тексеріп отыруды ұсынады.
Компьютер параметрлерін орнатқан соң неғұрлым тезірек Windows жаңарту орталығы қызметін іске
қосыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасынан Windows Update сөз тіркесін теріп, Іздеу терезесінен Жаңартуларды
тексеру
опциясын таңдаңыз.
2. Жаңарту және қалпына келтіру түймесін басып, Жаңартуларды тексеру түймесін басыңыз.
3. Windows жаңарту орталығын ай сайын сәйкесінше іске қосып отырыңыз.
Монитор дисплейін реттеу
Монитор жаңарту жиілігін, экран ажыратымдылығын, түс параметрлерін, қаріп өлшемдерін және
қуатты басқару параметрлерін таңдауға немесе өзгертуге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін графиканы басқару бағдарламасымен бірге берілетін желілік құжаттаманы
немесе монитормен бірге келген құжаттаманы қараңыз.
26 3-тарау Windows 10 жүйесінде жұмысқа кірісу
Page view 33
1 2 ... 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 ... 46 47

Comments to this Manuals

No comments