HP EliteDesk 800 G3 Tower PC User Manual Page 11

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 54
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 10
2 Құрылғы жаңартулары
Қызмет көрсету функциялары
Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15
немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет.
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын,
сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоғы соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нәтижесінде болатын жеке
жарақаттар қаупінің алдын алу үшін:
Айнымалы ток сымын розеткадан айырып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына мүмкіндік
беріңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын желі интерфейсінің бақылау (NIC) розеткаларына
қоспаңыз.
Қуат сымының жерге тұйықтау ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы - өте маңызды
қауіпсіздік бөлшегі.
Қуат сымын үнемі қол жетімді болатын, жерге тұйықталған розеткаға жалғаңыз.
Адамға қатты жарақат келтіру қатерін азайту үшін Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығын
оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін компьютерді қосу және жұмыс орнын дұрыс
реттеу жолдары, денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері
сипатталады. Бұл Инструкция безопасного и удобного использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс
жасау) нұсқаулығында маңызды электр және механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде
қадағаланатын қауіпсіздік ережелері де беріледі. Сонымен қатар, Инструкция безопасного и удобного
использования (Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс істеу) нұсқаулығын http://www.hp.com/ergo веб-
торабында қарауға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Тоқты қосып ішіндегі бөлшектерін жылжыту.
Корпусты ашу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру алдында корпусты қайта қойып, бекітіңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Статикалық қуат компьютердің немесе басқа құралдың электрлік бөлшектерін
бүлдіруі мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап қалып
статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Электр
статикалық разряд (44-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютер розеткаға қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Ішкі бөлшектерін
зақымдамас үшін компьютерді ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
Қызмет көрсету функциялары 5
Page view 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 53 54

Comments to this Manuals

No comments