HP EliteBook Folio 9480m Notebook PC User Manual Page 59

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 94
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 58
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер
Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы
тағайындалады.
BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады.
Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Windows құпия сөздері Windows амалдық жүйесінде ғана орнатылады
.
Егер DriveLock қолданушы құпия сөзі мен Computer Setup құралының DriveLock негізгі құпия
сөзінің екеуін де ұмытып қалсаңыз, осы құпия сөздермен қорғалған қатты диск мүлдем жабылып
қалады және оларды қолдану ары қарай мүмкін болмайды.
Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының мүмкіндігі үшін және Windows қауіпсіздік мүмкіндігі
үшін пайдалануға болады. Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының бірнеше мүмкіндігі үшін
пайдалануға болады.
Құпия сөздерді
жасау және сақтау үшін төмендегі кеңестерді есіңізде сақтаңыз:
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз және Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер басқарушысы) құралын веб-
тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыз үшін пайдаланушы аттары мен
құпия сөздерін сақтау
мақсатымен пайдаланыңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды қауіпсіз оқуыңызға
болады.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде әдетте қолданылатын Windows және BIOS әкімшісінің құпия сөздерінің тізімі
берілген және олардың функциялары сипатталған.
Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі*Windows әкімші есептік жазбасына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесінің әкімші құпия сөзін
тағайындау арқылы BIOS әкімші құпия сөзі
тағайындалмайды.
Пайдаланушы құпия сөзі*Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды.
*Windows жүйесінің әкімші құпия сөзін тағайындау туралы ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында
Поддержка (қолдау) сөзін жазып, одан кейін, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
Құпия сөздерді пайдалану 47
Page view 58
1 2 ... 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 ... 93 94

Comments to this Manuals

No comments