HP EliteBook Folio 9480m Notebook PC User Manual Page 33

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 94
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 32
Сымсыз байланыс түймесі
Компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе екі
сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске
қосылады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды.
Амалдық жүйе басқару элементтері
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін
жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз.
2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр
управления сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік
жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін және модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет
провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз
жолжоспарлағышты модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға және Интернет қызметін тексеруге
көмектеседі.
WLAN желісіне қосылу үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, желілердің біреуіне қосылыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының
немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Өзіңіз қосылғыңыз келген WLAN көрінбесе, тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің
белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз да, Открыть центр управления сетями и общим
доступом (Желі және ортақтасу орталығын ашу) пәрменін таңдаңыз. Создание и настройка
нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) пәрменін таңдаңыз. Желіні
қолмен іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын
орнатуға мүмкіндік беретін
опциялар тізімі ашылады.
3. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Қосылыс орнатылып болған соң, қосылыстың аты мен күйін тексеру үшін, тапсырмалар тақтасының
оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады
.
Сымсыз желіге қосылу 21
Page view 32
1 2 ... 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 ... 93 94

Comments to this Manuals

No comments