HP EliteBook Folio 9470m Notebook PC (ENERGY STAR) User Manual Page 27

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 53
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 26
Кірістірілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта
функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады.
Сандық пернетақта өшірулі кезде, оның пернесінің шарлау функциясын пайдалану үшін,
пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Сандық пернетақта қосулы кезде оның пернесінің стандартты функциясын пайдалану
үшін
Кіші əріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
Бас əріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса,
компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, компьютердегі
USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
Пуск (Бастау) > Устройства и принтеры (Құрылғылар мен принтерлер) тармақтарын
таңдаңыз. Одан кейін компьютеріңіз болып табылатын құрылғыны тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Настройки мыши (Тінтуір параметрлері) пəрменін таңдаңыз.
Меңзегішті пайдалану
Меңзерді экранда жылжыту қажет бағытта меңзегішті басыңыз. Сыртқы тінтуірдегі сол жəне оң
жақ түймелер сияқты меңзегіштегі сол жəне оң жақ түймелерді пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны пайдалану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. TouchPad панелінің сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сол
жəне оң жақ түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 21
Page view 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ... 52 53

Comments to this Manuals

No comments