HP EliteBook Folio 9470m Notebook PC (ENERGY STAR) User Manual Page 24

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 53
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 23
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнату үлгісі көрсетілген. Желі
ұлғая түскенде, Интернетке кіру мақсатында қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді
желіге жалғауға болады.
Сымсыз жол жоспарлағышының параметрлерін реттеу
Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағышы немесе
Интернет қызметі провайдері (ISP) арқылы берілген ақпаратты қараңыз.
Windows амалдық жүйесі де сымсыз желі параметрлерін реттегенде көмектесетін құралдарды
ұсынады. Желі параметрлерін орнату мақсатында Windows құралдарын пайдалану үшін:
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне
Интернет) > Центр
управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) > Установить новое соединение или сеть (Жаңа
байланыс немесе желі орнату) > Настроить сеть (Желі орнату) тармағын таңдаңыз. Одан
кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Жаңа сымсыз компьютерді алдымен жол жоспарлағышымен бірге берілген желілік
кабель арқылы жол жоспарлағышына жалғау ұсынылады. Компьютер Интернетке жалғанғанда
кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN желісін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқанда немесе бар болған WLAN желісіне кіргенде, рұқсатсыз кіруден
желіні қорғау мақсатында қауіпсіздік мүмкіндіктерін əрдайым қосыңыз.
WLAN желісін қорғау туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугының анықтамалық
нұсқаулығынан қараңыз.
18 Бап 3 Желіге қосылу
Page view 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 ... 52 53

Comments to this Manuals

No comments